Басшылық


БЕРІК УӘЛИ – ПРЕЗИДЕНТ

1997 жылы Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын «Кинотанушы», 2005 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің магистратурасын «Журналистика», 2014 жылы Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін «Құқықтану»  мамандықтары бойынша бітірген.

1997-2012 жылдары – «Хабар» Агенттігінің, «ТАҢ» телекомпаниясының, «НТК» телеарнасының, «31 канал» ЖШС-нің журналисті, ақпараттық бағдарламаларының редакторы, «Нұр Медиа» ЖШС-нің жемқорлыққа қарсы медиа орталығының жетекшісі.

2018-2019 жылдары Қазақстан ұлттық арнасының «1-студия» саяси ток-шоуының жетекшісі әрі жүргізушісі.

2012-2015 жылдары – Оңтүстік Қазақстан облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары, баспасөз қызметінің басшысы, Ішкі саясат және дін істері басқармасының басшысы.

2015-2016 жылдары – Nur Otan партиясы төрағасы Бірінші орынбасарының кеңесшісі.

2016-2018 жылдары – Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің кеңесшісі, Ақпараттық қамтамасыз ету департаментінің директоры.

2018-2019 жылдары – Жамбыл облысы әкімдігінің Ішкі саясат басқармасының басшысы.

2019-2022 жылдары – Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз хатшысы.

2022 жылдың наурыз айынан «Хабар» Агенттігі» акционерлік қоғамының Басқарма Төрағасы.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты. «Құрмет» орденінің, бес мерейтойлық медальдің, сондай-ақ  Президент Әкімшілігінің «Мінсіз қызметі үшін» медалінің иегері.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Республикалық құсбегілік федерациясының президенті.

ОМАРХАН ЖАНЖІГІТ АБЗАЛБЕКҰЛЫ – ВИЦЕ-ПРЕЗИДЕНТ

Омархан Жанжігіт Абзалбекұлы 04.04.1988 жылы дүниеге келген.

2009 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Журналистика», 2011 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Құқықтану», 2016 жылы «Қазақ инновациялық гуманитарлық заң» университетін «Мемлекеттік және жергілікті басқару»,  2018 жылы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін  «Журналистика» (магистратура) мамандықтары бойынша бітірген. 2021 жылдан бастап Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Журналистика және репортерлік ісі» (докторантура) мамандығы бойынша тәлім алуда.

 

2009-2010 жылдары «Астана» телеарнасы бағдарламалар қызметінің репортеры, тілшісі.

2010-2011 жылдары «Астана» телеарнасы бағдарламалар қызметінің тележүргізушісі.

2011-2015 жылдары "Қазақстан" ұлттық арнасы, "Иман айнасы" бағдарламасының жүргізушісі.

2015 жылы "Еуразия бірінші" телеарнасының "Ашығын айтқанда" ток-шоуының жүргізушісі.

2016-2016 жылдары «Астана» телеарнасындағы авторлық «Өзекті» тележобасының жүргізушісі, жетекшісі.

2018-2019 жылдары Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі КММ басшысының орынбасары.

2019 жылы Жамбыл облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі КММ басшысы.

2019 жылы «QazAvtoJol» Ұлттық компаниясы» АҚ-ның Баспасөз қызметінің басшысы.

2019-2021 жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің баспасөз хатшысы.

2021-2021 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз хатшысы.

2022 жылдан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз хатшысы.

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Республикалық құсбегілік федерациясының вице-президенті.

КУНТУГАН БАЗАРБЕК – АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОР

Кунтуган Базарбек 02.03.1986 жылы дүниеге келген.

2012 жылы «Көкше» академиясын «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша бітірген.

2008-2015 жылдары – «Спортты дамыту дирекциясы», «Құсбегілік» бөлімінің аға жаттықтырушысы (Астана қаласы).

2015-2021 жылдары – құсбегіліктен бас жаттықтырушы.

2022 жылдан бастап «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК мемлекеттік жаттықтырушы.

Құсбегіліктен «Қазақстан республикасының спорт шебері»  (2017 ж).

«Құсбегілер» фестивалі (2013 жылы), Құсбегіліктен Азия чемпионаты (2018 жылы), Әлем чемпионаты (2022 жылы) ұйымдастыру алқасының мүшесі.

 Қазақстан Республикасы Президентінің «Алғыс хатымен» марапатталған (2021 жылы).

2022 жылдың желтоқсан айынан бастап Республикалық құсбегілік федерациясының атқарушы директоры.