ЖОБА ТУРАЛЫ


Құсбегіліктен Азия чемпионатында ҚР ҰҚК-ның дайындығы және табысты өнер көрсетуі


2023 жылы Федерация 4 республикалық жарыс пен 5 халықаралық турнир ұйымдастырды, оның ішінде «Шығыс салбұрыны – 2023», «Қыран-2023», «Қансонар-2023», «Сонар» турнирлері, сондай-ақ «Құсбегілік» ұлттық спорт түрінен Қазақстан чемпионаттары бар. Жыл соңында федерацияның жыл сайынғы қорытынды конференциясы өтіп, оның аясында ұйым президенті Берік Уәли халықаралық Құсбегілік федерациясын құру туралы Меморандумға қол қоюға бастамашы болды.


 

ФОТО ГАЛЕРЕЯ


Серіктестер

Құсбегіліқ сөздігі

1Томаға кигізу
Түз құсын қолға түсісімен томаға кигізбей үйретуге болмайды. Томаға кигізген соң да екі-үш күн ұйықтамай қарсылық көрсететін қиқарлығы болады. Ондайда ырғаққа (тербемелі әткеншек етіп байланған жұмыр ағаш) отырғызып тербетіп, ұйықтатпайды, яғни екі күн болсын, үш күн болсын құс қарсылығын қойғанша қажымай бірге болған абзал.
2Сылап -сипау
Қолға түскен құсты бірінші күнен-ақ барлық баптау барысындағы қимыл -әрекетте және түн ортасында тұрып сылап-сипайды. Құстың иесіне әбден бауыр басуы үшін мұндай ықылас қажет-ақ.
3Жем жеуге үйрету
Құс алғашында жемге өздігінен ұмтылмайды. Сондықтан бір жапырақ етке қант бүркіп, аузына салып жібрген абзал. Сөйтіп қолдан жем жеуге үйреткен соң, алыста тұрып шақырып, құсты өздігінен келіп жем жеуге баулиды. Оған үйренген шақта ат үстінде тұрып жем көрсетіп, шақырып, қолына келіп қонуды үйретеді. Мұның бәрі құстың атқа да, адамға да үйірек болуына әрі шынығуына бірден-бір себеп.
4Шырғаға тарту
Баулу кездерінде құстың аяғында байланған ұзын жеңіл шыжым жіптің болғаны абзал. Бұлайша баулуды шырғаға тарту деп атайды. Ерінбей-жалықпай шырғаға көп тартылған құстың қанат, құйрығы берік болып жетіледі.
5Далабайға түсіру
Далабайға түсіру деп тұлып етіп сойылған аң терісінің (көбінесе, түлкі терісі) үстінен жем алғызуды айтады. Жемді аң терісінің кез келген жеріне қоя салмай бас жағына тығыздап тығып, екі көзінен болар болмас қызартып көрсетіп қою керек. Сосын тұлыпқа ұзын жіп байлап сүйретеді де, құсқа оны ат үстінде ұстап тұрып көрсетеді. Егер құс томағасын сыпырғанда далабай тұлыпқа талпынып, лап қойса әрі қарай сүйретпей тастай салу керек. Сол жерде далабайдағы қант бүркілген тәтті етті бір-екі рет шоқытқан жөн. Мұнан соң құсты қолға алып томағасын кигізеді де, атқа мініп сүйретпе далабайды тағы да көрсетеді. Осылайша қайталай берудің еш зияны жоқ.
 

Ақпараттық бюллетеньге жазылыңыз


Федерация туралы ақпаратты, хабарландыруларды және тіркеу процедураларын орындау үшін тіркеліңіз.