
Мәуия Әбікеевті еске алуға арналған республикалық құсбегілік турнир өз мәресіне жетті
6 ноября, 2025
Алматы облысында өткен «Сонар–2025» турнирінің жүлдегерлері анықталды
24 ноября, 2025Бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Сонар-2025 халықаралық турнирінің мондаттық комиссия отырысы өтті.
Жарысқа Қырғызстан, Моңғолия, Қытай, Өзбекстан елдерінен келген, сондай-ақ Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Жамбыл, Қарағанды облыстарынан және Астана, Алматы қалаларынан келген құсбегілер сайыстағы реттіліктерін анықтады.
Биылғы жарысқа 55 бүркіт, 20 қаршыға және 13 ителгі тіркеуден өтті.
Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне «Құсбегілік федерациясы» РҚБ-нің бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт министрлігі, Алматы облысының әкімдігі және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ атсалысуда.





