
Алматы облысында өткен «Сонар–2025» турнирінің жүлдегерлері анықталды
24 ноября, 202527-29 қараша күндері Абай облысы, Абай ауданында ұлттық спорт түрлерін дәріптеуге арналған Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойы аясында Құсбегіліктен «Абай Салбурыны-2025» республикалық турнирі өтеді.
Бүгін жарыстың алғашқы кезеңі – мандаттық комиссия отырысы өтіп, 62 бүркіт, 12 ителгі және 16 қаршыға ресми түрде тіркеуден өтті.
Турнирге еліміздің 9 облысы мен 2 қаласынан үздік құсбегілер қатысады.
Алғашқы жарыс күні ертең басталады.
Айта кетейік, турнирдің өтуіне Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігі, Абай облысының әкімдігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ атсалысуда.





