Елімізде құсбегілікті дамытуға ерекше көңіл бөлінеді
28 февраля, 2023Берік Уәли жаңа қызметке тағайындалды
13 сентября, 2023Елордасы Астана қаласында Ұлттық спорт түрлерінен ұйымдастырылған фестиваль аясында «Құсбегілік» бойынша жарыстар өз мәресіне жетті.
Спорттық іс-шара төрт жылда бір болатынын естеріңізге сала кетейік. 3 күнге созылған жарыс өте жоғары деңгейде өтті. Еліміздің 15 өңірінен келген спортшылар жүлделі орындарды өзара сарапқа салды.
Осылайша, бүркітшілер сайысында жүлделі 1-орынды Атырау облысынан Арман Қошқаров, 2-орынды алматылық Алмаз Сейітжан, 3-орынды Түркістан облысынан келген Сейдолла Паң иеленді.
Ителгі салудан астаналық Күнтуған Серікбек жеңіс тұғырынан көрінді. Жүлделі 2-орынды Айшуақ Тайманов (Маңғыстау облысы) және 3-орынды Таңат Оспанқұлов (Қарағанды облысы) қанжығасына байлады.
Ал қаршығаны қолға шақырудан бас жүлде Алматы облысынан келген Сейітжан Аянға бұйырды. Сайыс қорытындысы бойынша 2-орында Әкембаев Жалғас (Жамбыл облысы), 3-орында Түркістан облысының намысын қорғаған Паң Төлемырза тұрақтады.
Айта кетерлігі, ҚР Ұлттық спорт түрлері бойынша фестиваль биыл алтыншы рет өтіп жатыр. Аталған шара 2024 жылы Астана қаласында өтетін «V Дүниежүзілік көшпенділер ойынының» алдындағы дайындық іспеттес.
Асық ату, аударыспақ, бәйге, дәстүрлі садақ ату, жамбы ату, жекпе-жек, көкпар, қазақ күресі, құсбегілік, теңге ілу, тоғызқұмалақ сияқты ұлттық спорт түрінен 17 облыстан, 7 қаладан жалпы саны 1362 спортшы тіркелген.
«Фестивальге 15 облыстан 30-дан астам құсбегілік бойынша мамандардың белсенді қатысып жатқандығы қуантады. Олар баптап әкелген 15 бүркіт, 7 қаршыға, 7 ителгі құстары өз аймақтарының намысын қорғады», дейді ұйымдастырушылар.