5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100 күн қалды
1 июня, 2024ҚР Парламенті Сенаты және Мәжіліс депутаттары ДКО дирекциясына келді
13 июня, 2024«Саяттың адам тәрбиесінде алар орны ерекше. Саят кезінде дұрыс үйретілген құс, епті тазы, баптаулы жылқы, жылы және қозғалысқа ыңғайлы киім және саятшылық өнер, мықты денсаулықтың кепілі. Кең далада ат үстіндегі серуен, таза ауа, жан азығы жаныңа шабыт жинап, қала тіршілігінен шаршағаныңыз басылып, күшті демалыс күй кешесіз.
Саятшылық — адамды сергітіп, артық ойлардан айықтырып және қайраттандыратын өнер мен спорттың теңдігін түйіндеп, халқымыздың көңіл күйін жаңартып қана қоймай, патриоттық сенімін оятары сөзсіз!
Ал, әрбір аңның тіршілік ету ортасын, оның қорғанудағы қашу, бұлтару, тосқауылдау, із тастау секілді айла-тәсілін, күндізгі және түнгі өрісі, аулау маусымындағы мекендері, азықтану ерекшеліктерін қалт жібермей қаперінде ұстаумен қатар, алпыс екі айлалы түлкі, қарымы мен қайсарлығы қатар жүретін қасқыр, арқар мен аю секілді қоңыр аңдарды қанды шеңгеліне қысатын қыран бүркітті баулып, қатерлі іске бас тігіп барып, алпарысқан асауды бабына келтірген батыл да төзімді жанды ғана халық «Бүркітші» деп бағалаған»
«БЕКЗАТ ӨНЕРДІҢ БҮГІНІ» мақаласынан үзінді / Мүптекеқызы Б.