Тамырымызды берік сақтауымыз қажет …
17 июня, 2024СЕРІК ЖАРАСБАЕВ: 5-ШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫНА 2500 АСТАМ СПОРТШЫ КЕЛЕДІ ДЕП КҮТІЛУДЕ
25 июня, 2024Көктегі құсты қолына қондырып, аспанның серісін айтқанына көндірген ұлтымыздың бекзат өнері – құсбегілік. Халқымыздың ескі замандардан жүлге тартып, әлі күнге дейін алтын жібі үзілмей келе жатқан ата өнері ілгеріде биік бағаланған. Қолына түскен қыран құсты үйірлі жылқы, келелі түйеге қимайтын құмарлық туралы ескі аңыздар мен тарихи әңгімелер жетерлік. Қазақ құсбегілерінің пірі саналатын Жалайыр Шора туралы әңгімелерде құс төресі қырандардың «ұша берсем қанатым талады, жерге қонсам жалайыр Шора алады» деп мұңайатыны айтылады.
Десе де халқымыздың көне ғасырлар қойнауынан бастау алатын құсбегілік өнері мен саятшылық дәстүрі іргелі ғылыми ізденістерге арқау болмай келе жатқаны өкінішті. Ұлттық спорт түрлері өнер ғана емес, ұлттың психологиясы мен дүниетанымы, мінезі мен болмысының айнасы екенін ұмытпаған жөн. Алдағы уақытта талапты зерттеушілер мен ізденімпаз жастар бұл тақырыпқа зейін салып, зерделесе құба-құп.
Бүркіт – біздің ұлттық танымымызда өжеттік, ерлік, алғырлық, асқақтық символы болса, бүркіт салу – бабадан жалғасқан асыл мұра, ғасырлардан үзілмей жеткен қасиетті салт, бекзат дәстүр.
Берік УӘЛИ,
ҚР «Құсбегілік» федерациясының президенті