Голливуд актері Көшпенділер ойындарымен танысты
14 июля, 20245-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 50 күн қалды!
22 июля, 20241253-1255 жылдары қазақ даласын көктей өтіп, шығысқа сапар шеккен еуропалық саяхатшы Гильом де Рубруктің күнделік жазбасында: «Көшпенділер бүркіт, сұңқар сияқты аңшы құстарды көп ұстайды. Оларды қолдарына отырғызып аң аулайды» десе, итальяндық жиһанкез Марко Поло: «Ұлы ханның (Құбылайды айтады) Баян және Минган атты ағайынды бектері бар. Халық оларды «құсбегі» деп атайды. Себебі, олар ханның қол астындағы 20 мың құсбегілер мен аңшыларды басқарады. Минган басқарған 10 мың адам қызыл түсті киім киіп, Баян бастаған 10 мың адам көк түсті киім киіп, ханмен бірге саятқа шығады. 10 мыңдықтың 2 мыңы аңшы иттерді жетектеп жүреді. Екіге бөлінген аңшы-құсшылар күншілік жерден шеңбер жасап аң-құстарды қыспаққа түсіреді. Дәл осы сәтті көру керемет тамаша әсер береді» деп жазыпты.
«Қазақтың құсбегілік өнері һәм шәулі қырандар» мақаласынан/ Автор: Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ
Дереккөз: https://e-history.kz/kz/news/show/339381