
ҚҰСБЕГІЛІК ӨНЕРІНІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН: ҚАРАҒАНДЫДА ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЧЕМПИОНАТ ӨТЕДІ
13 ноября, 2024
ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ XV ЧЕМПИОНАТЫ АЯҚТАЛДЫ
17 ноября, 2024
Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы, Ботақара ауылында жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының XV чемпионатының ашылуы өтті. Алты алаштың түкпір-түкпірінен келген 60-тан астам жас құсбегі өз құстарын ұшырмаққа жиналды. Турнир 14-17 қараша аралығына жоспарланған. Бүгін жастар мен жасөспірімдер чемпионатының мандаттық отырысы өткізілді. Құсбегілер сайыстың тәртібін анықтап, турнир төрешілері таныстырылды. Жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының XV чемпионатында 40 бүркіт, 17 қаршыға және 9 ителгі бақ сынамақ. Сайыстың алғашқы күні ертең, яғни бүркіт құсының қабілетін бірінші болып бағалайтын боламыз. Бізбен бірге болыңыздар!
Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне «Құсбегілік федерациясы» РҚБ-нің бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ атсалысуда.