
Моңғолияда өткен «Бүркітшілер тойында» қазақстандық құсбегілер жүлделі орындарға ие болды
6 октября, 2025
Шығыс Қазақстанда өткен халықаралық «Шығыс Салбурыны – 2025» фестивалі жеңімпаздарын анықтады
11 октября, 20259–11 қазан күндері Шығыс Қазақстан облысында ұлттық өнер мен дәстүрлі спорт түрлерін дәріптеуге бағытталған «Шығыс Салбурыны – 2025» халықаралық фестивалі өтеді. Бұл айтулы шара – ұлттық құндылықтарды жаңғыртуға, ата-баба дәстүрін кейінгі ұрпаққа жеткізуге және құсбегілік өнерінің беделін халықаралық деңгейде арттыруға бағытталған маңызды оқиға.
Бүгін фестивальдің алғашқы кезеңі – мандаттық комиссия отырысы өтіп, жарысқа қатысатын қыран құстардың ресми тіркеуі жүргізілді. Нәтижесінде 81 бүркіт, 14 ителгі және 11 қаршыға жарысқа қатысуға рұқсат алды. Бұл – еліміздегі және шетелдегі құсбегілердің жоғары кәсіби дайындық деңгейін көрсететін айқын дәлел.
Фестивальге жеті елден – Қазақстан, Ресей, Мажарстан, Испания, Моңғолия, Қырғызстан және Қытайдан келген үздік құсбегілер қатысуда. Сонымен қатар еліміздің 10 облысы мен екі қаласынан (Атырау, Ақмола, Ақтөбе, Алматы, Абай, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстары және Астана мен Алматы қалалары) келген ұлттық спорт шеберлері бақ сынайды. Бұл фестивальдің географиясы мен қатысушылардың ауқымы оның халықаралық мәртебесін айқындайды.
Алғашқы жарыс күні ертең басталып, үш күнге жоспарланған бағдарлама аясында қыран құстардың сайысымен қатар ұлттық ойындар ұйымдастырылады. Қатысушылар мен қонақтар тазы жарысын, жамбы ату, садақ ату, теңге ілу және асау үйрету секілді ұлттық спорт түрлерін тамашалай алады.
«Шығыс Салбурыны – 2025» фестивалі – дәстүр мен рухтың тоғысу алаңы.
Айта кетейік, фестивальдің өтуіне Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігі, Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ атсалысуда.