
Мәсіп Батырханұлы атындағы халықаралық турнирдің мандаттық комиссия отырысы өтті
23 октября, 2025
Мәсіп Батырханұлы атындағы халықаралық турнир жеңімпаздары анықталды
26 октября, 2025Ақмола облысында ұлттық өнер мен дәстүрлі спорт түрлерін дәріптеуге бағытталған Мәсіп Батырханұлы атындағы халықаралық құсбегілік турнир өз шымылдығын түрді. Салтанатты ашылу рәсіміне Қазақстанның тоғыз облысы мен Астана және Алматы қалаларынан, сондай-ақ Ресей, Моңғолия және Қытай мемлекеттерінен келген үздік құсбегілер қатысты.
Жарыстың алғашқы сәтінде қатысушылар қыран құстарын таныстырып, турнирдің алғашқы кезеңін бастап берді. Биылғы додаға барлығы 82 қыран құс тіркелген. Оның ішінде 53 бүркіт, 17 қаршыға және 12 ителгі бар.
Турнир барысында құсбегілер өз шеберліктерін екі бағдарлама бойынша көрсетеді – қолға шақыру және шырғаға салу. Бұл кезеңдерде қыранның баптылығы, иесінің ептілігі мен өзара үйлесімділігі — басты бағалау өлшемі.
Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне «Құсбегілік» Федерациясы» РҚБ-нің Бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт министрлігі, Ақмола облысының әкімдігі және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ атсалысуда.





