5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорттық бағдарламасына өзгерістер еңгізілді
12 мая, 2024Құсбегілік өнердің тарихы өз зерттеушілерін күтуде …
15 мая, 2024Бұл өнердің халқымызға жақындығы сондай, ұлтымыздың ерекшелігін айқындап, болмысын айшықтайтындай. Оған дәлел ретінде әлемдегі бірде-бір елдің мемлекеттік рәміздерінде кездеспейтін қыран бүркіттің Қазақстанның ғана туында көрініс тапқандығын айтуға болады.
Тарихшы Биқұмарұлы Өмірбек «Құсбегілік – ата дәстүр» деген мақаласында: «Ғалымдардың пайымдауына қарағанда, қыран құстармен аң, құс аулаудың 2500 жылдық тарихы бар. Қола, темір дәуіріндегі Алтай тауларындағы суреттерде құс көтеріп, аң, құс аулап жүрген адамның бейнесі, көне ғұн, түркі дәуірінің құлпытас ескерткіштерінде иығына құс қондырып, кеуде тұсына ұстап отырған кісі бейнелері де табылады. Құс пен аң, құс аулау дәстүрі жайында ХVІІІ ғасырда Азияны саяхаттаған Марко Поло, Рубрук қатарлы Еуропа жиһанкездерінің еңбектерінде белгіленген», – деп жазған.
Этнограф Ж.Бабалықтың жазуынша, халқымыздың көне салтында бүркітті жақсы көру, бүркітке сену, оны киелі санап, пір тұту болған. Халқымыздың ауыз әдебиетінде тұғырдан түсті деген сөз бар. Мұның негізгі мағынасы бүркіт тұғырдан түсті, қажыды, қартайды дегенді айтса, яғни бұрынғы уақыты өтті дегенді білдіреді.
Мақсат Байтасов, «Отырар» мемлекеттік археологиялық Қорық-мұражайының ғылыми қызметкері