Адамзат тарихындағы елеулі жаңалықтардың бірі де дәл осы – құсбегілік өнер
13 мая, 2024Қыран құстың жабдықтары: Биялай
17 мая, 2024«Елімізде әлі күнге дейін мерзімді басылымдарда, энциклопедиялық жинақтарда құсбегілік өнердің тарихы 3 мың жылмен шектеліп жүр. Олардың келтіріп жүрген дәйектері түгелдей кеңестік дәуірден қалған ескі әдебиеттерден алынған. Академик Әлкей Марғұланның өткен ғасырда айтқан «Құбегілік – ұлы мәдениетіміздің зерттелмей тұрған ұлы тарауларының бірі», деген сөзі әлі өз мағынасын жойған жоқ. Ғалымның айтуынша, қазақ тілінде тікелей бүркітке қатысты ғана 1,5 мыңдай ұғым бар. Алматыдағы ғылым ордасына қарасты Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология, М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институты сияқты ғылыми мекемелер мүмкіндігі шектеулі болғандықтан бұл бағытта өнімді жұмыс атқара алмай келе жатыр. 2 мың жыл бұрын Таңбалы тасқа қашалған саятшылық өнері көріністері мен ел аузында сақталған құсбегілік туралы аңыз-әңгімелер, наным-cенімдер және «Бүркіт» биі сияқты туындылар жан-жақты зерттеу нысанына айналып, ғылыми тұрғыдан сараптама жасау ісі өз зерттеушілерін күтуде»
«Құсбегілік қазақтың бренді бола ала ма?» мақаласынан үзінді. 2014 жыл.
Ерлік ЕРЖАНҰЛЫ / «Егемен Қазақстан»