«Салбурын» мен «беташар» дәстүрі ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енеді
22 мая, 2024Отбасымның саятшылық өнері
27 мая, 2024ДҮНИЕЖҮЗІЛІК КӨШПЕНДІЛЕР ОЙЫНДАРЫ – ЭТНИКАЛЫҚ СПОРТ ТҮРЛЕРІНЕН ӨТКІЗІЛЕТІН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ СПОРТ ЖАРЫСТАРЫ. ЖАРЫСТАР ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ТАРИХИ КӨШПЕЛІ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАРЫНА НЕГІЗДЕЛГЕН. ДКО АДАМЗАТ ӨРКЕНИЕТІНІҢ МҰРАСЫ РЕТІНДЕ ЭТНОСПОРТТЫҚ ЖӘНЕ ЭТНОМӘДЕНИ ҚОЗҒАЛЫСТЫ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН.
Алғаш рет Қырғыз Республикасында ойластырылып, жүзеге асырылған халықаралық спорттық шара әлемдік мәртебеге ие болып, барған сайын, Еуразия кеңістігін ғана емес, басқа да көптеген елдерді қамтып, кең аудиторияның назарын аударды. Дүниежүзілік ойындарды өткізу құқығының Қазақстанға берілуімен ойындарды өткізетін елдердің тізімі де кеңейді.
Дүниежүзілік көшпенділер ойындары алғаш рет Қырғызстанда өтті. Чолпон-Ата қаласы Халықаралық жарыстарды үш рет қабылдады:
- 2014 жылы – 19 елден 10 спорт түрінен 583 спортшы.
- 2016 жылы – 62 елден 26 спорт түрінен 1 200 спортшы.
- 2018 жылы – 82 елден 37 спорт түрінен 2 000 спортшы.
4-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 2022 жылы Түркияның Изник қаласында өткізілді. 102 елден 13 спорт түрінен 3 000 спортшы.