Отбасымның саятшылық өнері
27 мая, 20245-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына 100 күн қалды
1 июня, 2024Тегінде бүркіт – қазақ халқының өжеттік, ерлік, алғырлық, асқақтығының белгісі болса, бүркіт салу – бабадан жалғасқан асыл мұра, салт – дәстүр, текті өнері.
Ұстараның жүзіндей, тез бұзылғыш, аса талғампаз, кекшіл қыран асқан бапты қажет етеді. Аң қағатын қанаттыларды баптап, саят құратын адам – құсбегі. Әйгілі құсбегілер аңшы құстардың тегін ажыратып, өскен мекенін, ұясын тани алады, мінезін, бабын біледі, оның қайраты мен өжеттігін, ұшқырлығын айыра алады. Құсбегілердің аң аулауға баули алатын қырандары: бүркіт, сұңқар,тұйғын, қаршыға, лашын, ителгі, қырғи, жағалтай және тұрымтай. Олардың бастылары: бүркіт пен қаршыға. Аңшы құстарды зар күйіне келтіруді «қайыру» деп атайды. Лашын, бүркіт, қырғауыл сияқты құстардың әрқайсысы жылына 100-120 қырғауыл немесе 250-300–ге дейін түлкі, қоян алатын болған. Сондықтан да құсбегілер арасында «қаршыға қазан қайнаттырады, ителгі етек қилайды, тұрымтай көз тұндырады» –деген мәтел төркіні осыдан шыққан.
«БЕКЗАТ ӨНЕРДІҢ БҮГІНІ» мақаласынан үзінді/Мүптекеқызы Б.