ҚЫРАН ҚҰСТЫҢ ЖАБДЫҚТАРЫ: БАЛАҚБАУ ЖӘНЕ ІРГЕБАУ
16 августа, 20245-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының спорт бағдарламасы: Құсбегілік
20 августа, 2024Жемаяқ – ағаштан ойылған, тостаған тәрізді, бүлдіргелі сабы немесе шығыршығы бар құстарға жем беретін ыдысты жемаяқ деп атайды.
Қырандарды баптау үшін, етті суға салып сөлін алып, «ақжем» етіп береді. Жемаяқтың суын ағызып жіберуге арналған тұмсықша шүмегі қоса қырылып жасалады. Оны «суағары» дейді. Жемаяқты халық шеберлері қарағай, терек, қайың, қараағаш, үйеңкінің безінен (беріші, үйілі) шауып, ішін ұңғырумен қырнап, сопақша етіп жасайды. Ағаштың безі берік болады, күнге қаңсып жарылмайды. Шеберлер саптыаяқты өрнегіне қарай «шұбар аяқ» деп те атайды.
«САЯТШЫЛЫҚҚА ҚАЖЕТТІ ҚҰРАЛ-ЖАБДЫҚТАР МЕН ОЛАРДЫҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ» мақаласынан/ Автор: Мүптекеев Ұ. Е.
Дереккөз: https://zool.kz/wp-content/uploads/2020/01/sbornik_lovchie_2017.pdf