Мемлекет басшысы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты
8 сентября, 2024Құсбегіліктен өтетін сайысқа 10 елден 42 спортшы қатысады
11 сентября, 20245-ші Дүниежүзілік Көшпенділер ойындары аясында құсбегілік спортынан өтетін сайысқа санаулы күндер қалды. Осыған орай Республикалық Құсбегілік федерациясының Президенті Берік Уәли еліміздің бас қаласында төрешілердің қатысуымен жиналыс өткізді.
Келелі жиынға құсбегілік спорт түрінен өтетін жарыста қазылық ететін 10 маман қатысты. Атап өтсек, алдағы сайыстарда Қазақстаннан – 6 төреші, Қырғызстаннан – 2 және Моңғолия мен Ресейден бір-бір төрешіден қызмет етеді. Бұл дүбірлі доданың халықаралық сипаты мен әділдік пен ашықтыққа деген ұмтылысты айқындайды.
«Елімізде өтіп жатқан сайысқа келген шетелдік спортшылар көп. Бұл біз үшін үлкен мәртебе және жауапкершілік. Барлық қатысушыларға сәттілік тілейміз! Сонымен қатар, төрешілерден сұрайтынымыз – сайыстың әділдігін және жүйелілігін қатаң сақтап, жарыстың жоғары деңгейде өтуін қамтамасыз ету» — деді «Құсбегілік» федерациясының Президенті.
Сонымен бірге мамандар жарыс өтетін орында бас қосып, халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес дайындық жұмыстарын жүргізді. Осылайша, құсбегілік сайысы бойынша бекітілген ереженің қағидаларымен құстың әр түрі бойынша өтетін 2 жаттығудың ортақ көрсеткіштері белгіленді. Бас төреші – Марат Қойшинның айтуынша, төрткүл тарап көз тіккен байрақты бәсекеге спортшылар да, төрешілер де, сайыс өтетін алаң да толыққанды дайын.
«Барлық қатысушыларды жарыс алаңымен таныстырдық. Бүгінде ұлттық құрама құсбегілері мен шетелдік спортшылар құстарын ұшырып, дайындық жүргізуде. Қатысушылардың сұранысы бойынша сайыс өтетін алаңға төрешілермен бірге қажетті өзгерістер енгізілді. Жарыс алаңы халықаралық ережелерге сай келеді» – деп атап өтті Бас төреші.
Басқосу барысында федерация президентіне шетелдік спортшылардың дайындығы мен олардың жаттығуына қажетті жағдайлар жасау турасында есеп берілді. «Ұлы дала дүбірі» ұранымен өтіп жатқан Көшпенділер ойындарына құсбегілік спорт түрі бойынша 10 мемлекеттен 42 спортшы қатысады.
Атап өтсек, қазіргі таңда барлық қатысушылар қызу дайындық үстінде.
Сондай-ақ отырыс барысында сайыста қолданылатын жабдықтардың сапасы, жалпы шараның ұйымдастырылуы және спортшылар мен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шаралары жөнінде сөз қозғалды.
Кездесу қорытындысы бойынша «Құсбегілік» федерациясының президенті Берік Уәли төрешілер алқасына Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясының атынан берілген арнайы сертификаттарды табыстады.
Айта кетейік, «Құсбегілік» Федерациясы» РҚБ-нің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ