«Көшпенділер әлемі» этноауылында «Құсбегілік» бойынша жарыс басталды
12 сентября, 2024Құсбегіліктен өткен жарыстың «Бүркіт салу» санатындағы жеңімпазына автокөлік кілті табысталды
13 сентября, 2024Көшпенділер ойындары аясында «Құсбегілік» спорт түрі бойынша алғашқы жарыс күні аяқталды. Қазылық еткен төрешілердің шешімімен «Бүркіт салу» санатында 12 спортшы ақтық сынға жолдама алды.
Айта кетсек, бүркіт құсы бойынша байрақты бәсекеде 10 мемлекеттен 18 спортшы бақ сынады. Бүгін өткен жартылай финалдық кезеңнен сүрінбей өткендер ертең, 13 қыркүйек күні, Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де финалдық кезеңде өнер көрсететін болады.
«Бүркіт салу» санатында ақтық мәреге шыққандар:
- Байқадамов Ерзат – Қазақстан
- Кунтуган Серикбек – Қазақстан
- Кушкаров Арман – Қазақстан
- Карыпбеков Акылбек – Қырғызстан
- Уркалиев Чыныбай – Қырғызстан
- Айбекулы Салават – Қырғызстан
- Семизаров Андрей – Ресей
- Попова Ирина – Ресей
- Серік Жеңісбек – Моңғолия
- Бато Миклос – Мажарстан
- Хамсон Алан – Канада
- Энрик Фрикса Мас – Испания
Құсбегіліктен өтіп жатқан сайыстарға көрермен тарапынан қызығушылық жоғары. Әсіресе, құсбегілік өнерін жоғары бағалап, қатысушыларға қолдау көрсеткендердің қатарында шетелдік азаматтардың қарасы көп. Бұл көшпелі дәстүрдің ең көне түрін жаңғырту жұмыстары әлемдік деңгейде дұрыс жүргізіліп жатқанын көрсетеді.
Естеріңізге сала кетсек, еліміздің бас қаласында өтіп жатқан додада халықаралық төрешілер алқасы қызмет атқаруда, оның құрамында Қазақстаннан 6 маман, Қырғызстаннан екі маман және Моңғолия мен Ресей Федерациясынан қос маман бар.
«Қаршыға салу», «Ителгі салу» санаттары бойынша да финалдық кезеңдер жарыстың екінші күні өтеді.
13 қыркүйек | |
10:00 | Жарыстың басталуы, финал |
12:30 – 13:00 | Марапаттау рәсімі |
Айта кетейік, «Құсбегілік» Федерациясы» РҚБ-нің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ