Ж Е Ң І С — жанкешті еңбек …
12 сентября, 2024Құсбегіліктен алғашқы жарыс күні өз мәресіне жетті
12 сентября, 2024Мандаттық комиссия отырысы қарсаңында өткен жеребеге сәйкес қазақстандық спортшылар бірінші болып өнер көрсетеді. Бүгін, 12 қыркүйекте күні бойы іріктеу жартылай финалдық турлар өтеді. Ертең, 13 қыркүйек, Астана уақыты бойынша сағат 10:00-де финал басталады.
Біздің елімізді маңызды халықаралық турнирде 9 қатысушы, оның ішінде республикалық турнирлер мен ел чемпионаттарының бірнеше дүркін чемпиондары ұсынады. «Бүркіт салу» санатында Астана қаласынан Серікбек Күнтуған, Абай облысынан Ерзат Байқадамов және Атырау облысынан Арман Қошқаров өнер көрсетеді.
Түркістан облысынан келген Дәурен Аршабай және Бағдат Кеуенов, астаналық Құдайберген Рауилұлы «Қаршыға салу» санатында шеберлік танытады.
Ақмола облысынан Ерлан Кенжетаев, Жамбыл облысынан Бақдәулет Бабажан және Түркістан облысынан Ибрагим Базарбаев «Ителгі салу» категориясында бақ сынайды.
Жарысқа Қазақстан, Қырғызстан, РФ, Моңғолия, Испания, Канада, Мажарстан, Қытай, Грузия және Түркиядан барлығы 42 спортшы қатысады. 3 санатта 18 бүркіт, 12 ителгі және 12 қаршыға жарысқа түседі. Республикалық «Құсбегілік» федерациясында жарысқа қатысушылардың географиясы үнемі өсіп келе жатқаны атап өтіледі, өйткені әдемі және ең көне көшпелі дәстүрлердің бірін жаңғырту жұмыстары күллі әлемде өзіне баса назар аударуда.
Жарыстың ашылуында федерация президенті Берік Уәли көптеген шетелдік спортшылардың ойындарға қатысуы жоғары мәртебе екенін әрі жауапкершілік жүктейтінін атап өтті.
«Көшпенділер ойындарына көптеген шетелдік қонақтардың келгенін көріп отырмыз. Бұл тек спортқа деген қызығушылық қана емес, сонымен қатар ғасырлар бойғы көшпенділер мәдениетіне деген қызығушылық, шынайы жанашырлық пен құрмет. Бұл біздің ежелгі түркі спорт түрлерін насихаттау барысында дұрыс бағыт алғандығымыздың айғағы», – деді «Құсбегілік» федерациясының басшысы.
Сондай-ақ Б.Уәли төрешілерден әділ төрешілік деңгейін қамтамасыз етуді сұрады.
Айта кетерлігі, 12-13 қыркүйекте Астанада беделді халықаралық төрешілер қызмет атқарады, оның құрамына Қазақстаннан 6 маман, Қырғызстаннан екі маман және Моңғолия мен Ресей Федерациясынан бір-бір маманнан кіреді.
Бас төреші Марат Койшин жарысты ұйымдастырудың барлық аспектілері халықаралық ережелер мен стандарттарға сәйкес келетінін, ал спортшыларға жарысқа дайындалу үшін барлық жағдай жасалғанын атап өтті.
12 қыркүйек | |
11:00 | Жарыстың басталуы.
Іріктеу кезеңі, жартылай финал |
12:00 | БАҚ өкілдеріне сұхбат
«Құсбегілік» федерациясы басшылығының сұхбаты |
13:00 — 16:00 | Үзіліс |
16.00 | Іріктеу кезеңі, жартылай финал |
13 қыркүйек | |
10:00 | Жарыстың басталуы, финал |
12:30 – 13:00 | Марапаттау рәсімі |
Айта кетейік, «Құсбегілік» Федерациясы» РҚБ-нің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ