Құсбегіліктен өткен жарыстың «Бүркіт салу» санатындағы жеңімпазына автокөлік кілті табысталды
13 сентября, 2024ШҚО ДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰСБЕГІЛЕР САЙЫСЫ ЖАЛҒАСУДА.
12 октября, 2024
Қазақтың төл өнері, бүгінде ұлттық спорт ретінде қайта түлеген құсбегілік сайысы тағы бір дүбірлі бәсекенің жалауын желбіретті.
ШҚО, Ұлан ауданы, Бозанбай ауылының «Бүркіт төбе» алаңында «ШЫҒЫС САЛБҰРЫНЫ— 2024» халықаралық турнирі өз бастауын алды. Сайыста 90-ға жуық саятшы баптаған құстарын ұшырды. Атап айтсақ бүркіт құсы бойынша 67 спортшы, қаршығадан 13 адам қатысса, ителгі әкелгендер саны 23.
Аталмыш шараға Ресей, Қытай Моңғолия, Қырғыстан және Мажарстаннан келген спортшылар, және Республикамыздың әр өңіріндегі үздіктер шеберлік байқаспақ.
Сондай-ақ мандаттық комиссия отырысында төрешілер қатысушылардың сайыс ережелеріне қатысты сұрақтарына жауап беріп, спортшылардың реттілігін жеребе тарту әдісімен анықтады.
Айта кетейік, «Құсбегілік» Федерациясы» РҚБ-нің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, серіктесі – «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ
Халықаралық турнир қазан айының 11-12 күндеріне жоспарланған.