МӘСІП БАТЫРХАНҰЛЫ АТЫНДАҒЫ ХЫЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАНСОНАР» ТУРНИРІНІҢ ЖЕҢІМПАЗДАРЫ АНЫҚТАЛДЫ
21 октября, 2024ҚҰСБЕГІЛІК ӨНЕРІНІҢ БОЛАШАҒЫ ЖАРҚЫН: ҚАРАҒАНДЫДА ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ЧЕМПИОНАТ ӨТЕДІ
13 ноября, 2024Бүгін Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында Сонар-2024 халықаралық турнирі басталды.
Қолына құс қондырған құсбегілермен бірге мандаттық комиссия отырысы өтті.
Қырғызстан, Монғолия, Қытай елдерінен құсбегілер келді. Сондай-ақ Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Абай, Шығыс Қазақстан, Жетісу, Түркістан, Жамбыл, Қарағанды облыстарынан және Астана, Алматы қалаларынан келген қатысушылар сайыстағы реттіліктерін анықтады.
Турнирде бүркіт бойынша 67, ителгі әкелгендер 14 және қаршыға бойынша 16 құсбегі бақ сынайды.
Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне «Құсбегілік федерациясы» РҚБ-нің бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ атсалысуда.