Ақмола облысы, Біржан сал ауданында Мәсіп Батырханұлы атындағы халықаралық «Қансонар» құсбегілер турнирі мәресіне жетті.
2 күнге созылған тартысты құсбегілер сайысында бүркіт, ителгі, қаршыға құстары бойынша 70 құсбегі бақ сынады. Сондай-ақ Бурабайдың бауырайындағы құсбегілер бәсекесіне Қырғызстан, Моңғолия және сонау қарт құрлықтан Мажарстандық құсбегілер келіп, шеберлік байқасты.
«Мәсіп Батырханұлы» атындағы халықаралық «Қансонар» құсбегілер турнирінің жеңімпаздары:
Бүркіт құсы бойынша:
Қошқаров Арман(Атырау облысы)
Серікбекұлы Ерасыл (Астана қаласы)
Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы)
Қаршыға құсы бойынша:
Бабажанов Берікболсын (Жамбыл облысы)
Бәйетбай Сағыныш (Алматы облысы)
Жаңбырбек Бердияр (Жамбыл облысы)
Ителгі құсы бойынша:
Оспанкулов Танат (Қарағанды облысы)
Оспанкулов Танат (Қарағанды облысы)
Иманзайып Ермек (Павлодар облысы)
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Аталмыш шараға Мәсіп Батырханұлының баласы Шынарбек мырза, сондай-ақ ұлттың ұлы дәстүрі құсбегілік өнерді әлемге паш етіп жүрген, әйгілі Таңшолпан Нұрғайып сынды құрметті қонақтар қатысып ақ жарма тілегін білдірді.
Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне «Құсбегілік» Федерациясы» РҚБ-нің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ, АҚ, сондай-ақ, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Ақмола облысының әкімдігі және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ қолдау көрсетті.