
«ҚЫРАН-2024» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ
5 декабря, 2024
ҚҰСБЕГІЛІКТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ БАСТАЛДЫ
13 февраля, 2025
Бүгін Алматы қаласында үш күнге созылған дәстүрлі Құсбегілер сайысы өз мәресіне жетті. Еліміздің 8 облысы, 2 қаласынан келген спортшы-Құсбегілер Қыранның үш түрі бойынша: 63 бүркіт, 22 ителгі, 30 қаршығының шеберлігіне қарай жүлделі орындарды анықтады.
Бүркіт салу бойынша:
1. Серікбекұлы Ерасыл — Астана қаласы.
2. Әбдікерім Түсей — Жетісу облысы.
3. Кунтуган Серікбек — Астана қаласы.
Ителгі салу бойынша:
1. Оспанқұлов Танат — Қарағанды обл.
2. Оспанқұлов Танат — Қарағанды обл.
3. Сейтжан Аян — Алматы облысы.
Қаршыға салу бойынша:
1. Исабек Асқар — Алматы облысы.
2. Батырбек Адия — Алматы қаласы.
3. Бабажан Берікболсын — Жамбыл облысы.
📌Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Алматы қаласының әкімдігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы атсалысуда.