
ҚАРШЫҒА САЛУ САЙЫСЫ: ЕКІНШІ КЕЗЕҢГЕ 16 ҚҰС ӨТТІ
14 февраля, 2025
ЕКІНШІ ЖАРЫС КҮНІ БАСТАЛДЫ
15 февраля, 2025Түркістан облысында өтіп жатқан жастар мен жасөспірімдер арасындағы құсбегілік чемпионатында «Қаршыға салу» санаты бойынша шешуші кезеңге 14 құс жолдама алды
Жарыстың алғашқы күні жасөспірімдер бәсекесімен басталып, бүркітін баптап, қаршығасын қайрап келген жас құсбегілер өз шеберліктерін көрсетті.
Бүгінгі сайыста жалпы 27 қаршыға сынға түсті.
Қырағылық, ұшқырлық пен ептілік сынға түскен аламанда әрбір құсбегінің дайындығы айқын байқалды.
Ұлттық өнерді ұлықтаған сайыс әлі де жалғасуда.
Атап өтсек, жастар арасындағы жарыс чемпионаттың екінші күні бастау алады.
Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы атсалысуда.