
ҚҰСБЕГІЛІКТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ ТҮРКІСТАН ӨҢІРІНДЕ БАСТАЛДЫ
13 февраля, 2025
ҚАРШЫҒА САЛУ САЙЫСЫ: ЕКІНШІ КЕЗЕҢГЕ 16 ҚҰС ӨТТІ
14 февраля, 2025Бүгін Түркістан облысы, Төле би ауданы, Көксәйек ауылында ұлттық спорттың көрігін қыздырған айтулы дода – жастар мен жасөспірімдер арасындағы Құсбегіліктен Қазақстан Республикасының XVІ чемпионаты жалауын көтерді.
Жарысқа еліміздің 9 облысы (Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, ШҚО, Түркістан, Қызылорда, Ұлытау) мен 2 қаласынан (Астана, Алматы) келген үздік құсбегілер қатысып, бақтарын сынамақ.
Ел біріншілігі аясында жастар арасындағы жарыста 22 бүркіт, 21 қаршыға және 9 ителгі, ал жасөспірімдер сайысында 22 бүркіт, 27 қаршыға және 10 ителгі сынға түседі. Бүгін чемпионаттың алғашқы күні жасөспірімдер арасындағы сайыстармен басталды. Құсбегілер қыран бүркіттердің шеберлігін сынға салды.
Ұлттық өнерді ұлықтайтын аламаннан құр қалмаңыз!
Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы атсалысуда.