
ЖАСӨСПІРІМДЕР МЕН ЖАСТАР ДОДАСЫ: ҚҰСБЕГІЛІКТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
14 февраля, 2025
ҚАРШЫҒАЛАР САЙЫСЫ: ҮЗДІКТЕР ШЕШУШІ КЕЗЕҢГЕ ӨТТІ
14 февраля, 2025Қаршыға салу бәсекесінде екінші кезеңге 16 құс жолдама алды
Түркістан облысында өтіп жатқан Құсбегіліктен жастар мен жасөспірімдер арасындағы Қазақстан Республикасының XVІ чемпионатының алғашқы жарыс күні жасөспірімдер сайысымен басталды.
Еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған үздік құсбегілер өз бақтарын сынап, қырандарының қайраты мен айласын байқатуда.
Ұлттық спорттың биік мәртебесін көрсететін дүбірлі дода әлі де жалғасуда.
Чемпионаттың қызықты сәттерін назарда ұстаңыз!
Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы атсалысуда.