
«ҚЫРАН-2024» ҰЛТТЫҚ СПОРТ ТҮРІ «ҚҰСБЕГІЛІКТЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИРІ АЯҚТАЛДЫ
9 декабря, 2024
ЖАСӨСПІРІМДЕР МЕН ЖАСТАР ДОДАСЫ: ҚҰСБЕГІЛІКТЕН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
14 февраля, 2025Бүгін Түркістан облысы, Төле би ауданы, Көксәйек ауылында жастар мен жасөспірімдер арасындағы Құсбегіліктен Қазақстан Республикасының XVI чемпионаты ресми түрде бастау алып, мандаттық комиссия отырысы өтті. Құсбегілер сайыстың тәртібін анықтап, турнирдің төрешілері таныстырылды.
Биылғы ел біріншілігіне еліміздің 9 облысы (Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Ұлытау) мен Астана және Алматы қалаларынан ең мықты құсбегілер жиналды. Жастар арасындағы сайысқа 22 бүркіт, 21 қаршыға және 9 ителгі, ал жасөспірімдер арасындағы додаға 22 бүркіт, 27 қаршыға және 10 ителгі сынға түспек.
Сайыстың алғашқы күнің ертең жасөспірімдер бастайды, яғни бүркіт құсының қабілетін бірінші болып бағалайтын боламыз.
📌Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы атсалысуда.