SVGLogo_Qusbegilik_whitekucuklogoSVGLogo_Qusbegilik_whiteSVGLogo_Qusbegilik_white
  • БАСТЫ БЕТ
  • ФЕДЕРАЦИЯ ТУРАЛЫ
    • Федерация тарихы
    • Басшылық
    • Қызметкерлер
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ҚҰЖАТТАР
    • Ереже
    • Регламенттер
    • Протоколдар
  • ӨҢІРЛЕР
    • Спортшылар
    • Төрешілер
    • Жаттықтырушылар
    • Құстар
  • ГАЛЕРЕЯ
  • БАЙЛАНЫС
✕

ЕКІНШІ ЖАРЫС КҮНІ БАСТАЛДЫ

  • Басты бет
  • zhanalyktar
  • ЕКІНШІ ЖАРЫС КҮНІ БАСТАЛДЫ
ҚАРШЫҒАЛАР САЙЫСЫ: ҮЗДІКТЕР ШЕШУШІ КЕЗЕҢГЕ ӨТТІ
14 февраля, 2025
ТҮРКІСТАНДА ҚҰСБЕГІЛІК ЧЕМПИОНАТЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
15 февраля, 2025
15 февраля, 2025

Түркістан облысы, Төле би ауданы, Көксәйек ауылында өтіп жатқан жасөспірімдер мен жастар арасындағы Құсбегіліктен Қазақстан Республикасының XVI чемпионаты жалғасуда. Бүгін – жарыстың екінші күні, бұл күні жас құсбегілер өзара сайысқа түсуде.

Ел біріншілігі аясында жастар арасындағы бәсекеге 22 бүркіт, 21 қаршыға және 9 ителгі қатысып, шеберліктерін көрсетуде. Құсбегілік – ептілік пен шыдамдылықты, қырағылық пен табандылықты талап ететін ұлттық өнер. Сондықтан да бүгінгі додада әрбір қатысушының дайындығы мен қыранының бабында болуы шешуші рөл атқарады.

Ауа райының тұманды болуына қарамастан, қолына қыран ұстаған құсбегілер жарысты жалғастырып жатыр. Табиғаттың тосын мінезі сайыстың көрігін қыздырып, қатысушылар үшін нағыз шыдамдылық пен шеберлікті сынайтын сынға айналды.

Айта кетейік, биылғы чемпионатқа еліміздің 9 облысы (Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Ұлытау) мен екі ірі қаласынан (Астана, Алматы) келген үздік құсбегілер ұлттық өнерді дәріптеп, өзара мықтыны анықтауда. Жарыстың алғашқы күні жасөспірімдер арасында өтті.

Құсбегілердің тартысты бәсекесінен қапы қалмаңыз!

 

Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы атсалысуда.

 

Бөлісу
0

Related posts

16 марта, 2025

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚҰСБЕГІЛІКТЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ


Read more
14 марта, 2025

ТАЛДЫҚОРҒАНДА ҚҰСБЕГІЛЕР САЙЫСЫ БАСТАЛДЫ


Read more
13 марта, 2025

«ЖЕТІСУ САЛБУРЫНЫ-2025» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ


Read more

Қазақстан Республикасы
Астана қаласы,
Сығанақ 54а, оф. 411,
qusbegilik.federation@mail.ru

  • БАСТЫ БЕТ
  • ФЕДЕРАЦИЯ ТУРАЛЫ
  • ҚҰЖАТТАР
  • ЖАҢАЛЫҚТАР
  • ӨҢІРЛЕР
  • ГАЛЕРЕЯ
  • БАЙЛАНЫС

© 2024 Қазақстан Республикасы Құсбегілік Федерациясының Сайты | Барлық құқықтар қорғалған |