
ЕКІНШІ ЖАРЫС КҮНІ БАСТАЛДЫ
15 февраля, 2025
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰСБЕГІЛІКТЕН ҚР XVIII ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
20 февраля, 2025Түркістан облысы, Төле би ауданы, Көксәйек ауылында Құсбегіліктен жасөспірімдер мен жастар арасындағы XVI Қазақстан Республикасының чемпионаты өз мәресіне жетті
Сайысқа еліміздің тоғыз облысы (Алматы, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Түркістан, Қызылорда, Ұлытау) мен екі ірі қаласынан (Астана, Алматы) келген үздік құсбегілер қатысып, ұлттық өнерді дәріптеп, өзара мықтыны анықтады.
Құсбегілік – қазақтың көнеден жеткен асыл мұрасы, атадан балаға мирас болып келе жатқан дала өнері. Бұл сайыс тек қырағы көз бен епті қолды ғана емес, табандылық пен төзімді, табиғатпен үндескен бабалар дәстүрін терең меңгерген нағыз шеберлерді анықтайды. Ауа райының тұманды, күрделі жағдайына қарамастан, қыран баптаған құсбегілер додаға тас-түйін дайындықпен шығып, шеберліктерін паш етті.
Жарыстың алғашқы күні жасөспірімдер арасында өтті: 22 бүркіт, 27 қаршыға және 10 ителгі. Ал екінші күні жастар сынға түсті. Бұл додада 22 бүркіт, 21 қаршыға және 9 ителгі сайысты.
Жасөспірімдер арасындағы жеңімпаздар
Бүркіт құсын салудан:
1 орын — Серікбекұлы Ерасыл (Астана)
2 орын — Сагидуллаев Жандарбек (Алматы қаласы)
3 орын — Абдибай Ақниет (Алматы қаласы)
Қаршыға құсын салудан:
1 орын — Батырбек Адия (Алматы қаласы)
2 орын — Бекмұхамбет Айдар (Алматы облысы)
3 орын — Кунтуган Диас (Астана)
Ителгі құсын салудан:
1 орын — Турсунбек Еділхан (Түркістан облысы)
2 орын — Батырбек Адия (Алматы қаласы)
3 орын — Серікбекұлы Ерасыл (Астана қаласы)
Жастар арасындағы жеңімпаздар
Бүркіт құсын салудан:
1 орын — Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)
2 орын — Абдулкаримұлы Иманғали (Атырау облысы)
3 орын — Есполат Ерасыл (Түркістан облысы)
Қаршыға құсын салудан:
1 орын — Есполат Ерасыл (Түркістан облысы)
2 орын — Даниярқызы Аяжан (Алматы қаласы)
3 орын — Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)
Ителгі құсын салудан:
1 орын — Мұратов Ақан (Қарағанды облысы)
2 орын — Даниярқызы Аяжан (Алматы қаласы)
3 орын — Сейітжан Бексұлтан (Алматы облысы)
Екі күнге созылған дүбірлі дода – қазақтың қыран баптау дәстүрінің жаңғырып, жас буынның шеберлігін шыңдауға арналған маңызды алаң. Бұл сайыс тек мықтыны анықтау емес, ата-баба мұрасын бойына сіңірген, табиғатпен етене байланысқан ұрпақтың қалыптасуына сеп болмақ.
Нәтижелер белгілі болғаннан кейін жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне арналған салтанатты марапаттау рәсімі өтті.
Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Түркістан облысының әкімдігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы атсалысуда.