
ТҮРКІСТАНДА ҚҰСБЕГІЛІК ЧЕМПИОНАТЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
15 февраля, 2025
ЕРЕСЕКТЕР АРАСЫНДА XVIII ҚР ЧЕМПИОНАТЫ: РЕСМИ АШЫЛУ САЛТАНАТЫ ӨТТІ
21 февраля, 2025Солтүстік Қазақстан облысында Құсбегіліктен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасының XVIII чемпионаты ресми түрде шымылдығын түрді. Бүгін жарыстың алғашқы кезеңі ретінде мандаттық комиссия отырысы өткізіліп, қатысушылардың құжаттары мен сайысқа қосатын қырандары тіркеуден өтті.
Бұл додаға еліміздің түкпір-түкпірінен: Астана мен Алматы қалаларынан бөлек, 12 облыстан (Алматы, Атырау, Абай, Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан) ең мықты құсбегілер жиналды.
Тіркелген құстар саны:
- Бүркіт – 62
- Қаршыға – 29
- Ителгі – 17
Чемпионаттың ашылу рәсімі 21 ақпан күні сағат 10:00-де өтеді. Алғашқы жарыс күнінде құстар көкке шарықтап, қырағылығын сынаса, құсбегілер өздерінің ептілігі мен шеберлігін көрсетпек.
Құсбегілік – бабадан балаға мирас болған, ұлт рухын асқақтататын асыл өнер. Бұл чемпионат ұлттық спортты дамытуға, дәстүр сабақтастығын жалғауға және жас ұрпаққа құсбегілік мұрасын насихаттауға зор үлес қосады.
Барша ұлттық спорт жанашырларын сайысты тамашалауға шақырамыз!
📌Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы атсалысуда.