
СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНДА ҚҰСБЕГІЛІКТЕН ҚР XVIII ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
20 февраля, 2025
ҚЫРАНДАР ҚАНАТ ҚАҚҚАН ДҮБІРЛІ ДОДА МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
22 февраля, 2025Бүгін Солтүстiк Қазақстан облысы, Қызылжар ауданы, Бескөл ауылында Құсбегіліктен ересектер арасындағы XVIII Қазақстан Республикасының чемпионатының ресми ашылу салтанаты өтті. Дүбірлі дода еліміздің түкпір-түкпірінен келген үздік құсбегілерді бір алаңға жинап отыр.
Жарысқа Астана мен Алматы қалаларынан бөлек, 12 облыстан сайдың тасындай іріктелген спортшылар қатысуда. Кеше, 20 ақпанда, чемпионаттың алғашқы кезеңі ретінде мандаттық комиссия отырысы өтіп, спортшылардың құжаттары тексеріліп, сайысқа қосылатын қыран құстар ресми тіркеуден өтті.
Жалпы, тіркелген құстар саны: бүркіт – 62, қаршыға – 29, ителгі – 17
Бүгін құсбегілеріміз үшін алғашқы жарыс күні.
Құсбегілер додасы алдағы күндері бірнеше кезең бойынша өтеді. Бәсеке барысында қырандардың алғырлығы, аңға түсу шеберлігі, иесінің баптау деңгейі және командалық үйлесімділік сынға түседі.
Чемпионат елімізде ұлттық спорттың дамуына, құсбегілік дәстүрін насихаттауға және шебер мамандардың тәжірибе алмасуына зор мүмкіндік береді.
📌Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы атсалысуда.