
Қырандар сайысы – Астанада
22 сентября, 2025
Құсбегілердің халықаралық бәсекесі басталды
26 сентября, 2025Бүгін Астана қаласына іргелес Софиев ауылында Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы халықаралық құсбегілік турнирі өз шымылдығын түрді. Жарыстың алғашқы күні мандаттық комиссия отырысы өтіп, қатысушылардың құжаттары мен қыран құстары ресми тіркеуден өткізілді. Нәтижесінде 47 бүркіт, 10 қаршыға және 9 ителгі додаға қатысуға қабылданды.
Биылғы турнирге Қазақстанның 9 облысы мен 2 қаласынан құсбегілер келген. Олардың қатарында Алматы және Астана қалалары, Алматы, Павлодар, Қарағанды, Ақмола, Атырау, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Абай және Ұлытау облыстары бар. Сонымен қатар, шетелден – Түркия, Моңғолия, Ресей және Қырғызстаннан да құсбегілер қатысып отыр.
Ертең сағат 11:00-де турнирдің салтанатты ашылу рәсімі өтпек. Алғашқы жарыс күні аясында бүркітті қолға шақыру, шырғаға салу, ителгі мен қаршығаны қолға шақырып, кептерге салу сайыстары ұйымдастырылады.
Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ және Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдау көрсетуде.