
Құсбегілердің халықаралық бәсекесі басталды
26 сентября, 2025
Құсбегілер турнирінде үздіктер анықталды
28 сентября, 2025Астана маңындағы Софиев ауылында өтіп жатқан Күнтуған Тоқтыбайұлы атындағы халықаралық құсбегілік турнирінде алғашқы сайыс – бүркіттер арасында өтуде. Құсбегілер қырандарын екі бағдарлама бойынша сынап жатыр: қолға шақыру және шырғаға салу. Бұл кезеңде бүркіттердің қырағылығы мен иелерінің дайындығы бағаланып, ұлттық өнердің бай дәстүрі паш етілуде.
Айта кетейік, биылғы жарысқа мандаттық комиссиядан 47 бүркіт тіркеуден өткен. Сонымен қатар, бекітілген бағдарламаға сәйкес бүгін ителгі мен қаршығаны қолға шақырып, кептерге салу сайыстары да ұйымдастырылады.
Алғашқы жарыс күнінің қорытындысы бойынша жартылай және ақтық бәсекеге жолдама алғандар белгілі болады. Ертең бүркіт, ителгі және қаршыға жарыстарының шешуші кезеңдері өтпек.
Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ және Астана қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы қолдау көрсетуде.