
Шығыс Қазақстанда өткен халықаралық «Шығыс Салбурыны – 2025» фестивалі жеңімпаздарын анықтады
11 октября, 2025
Мәсіп Батырханұлы атындағы халықаралық турнирдің мандаттық комиссия отырысы өтті
23 октября, 202523–26 қазан күндері Ақмола облысында ұлттық спортты насихаттауға арналған Мәсіп Батырханұлы атындағы халықаралық турнир өтеді. Дәстүр сабақтастығын дәріптейтін бұл додада қыран құстардың баптылығы мен құсбегілердің шеберлігі сынға түседі.
Жарыстар 24 қазанда басталады. Салтанатты ашылу рәсімі сағат 11:00-де өтпек. Биылғы бәсекеге еліміздің өңірлерінен және шетелден келген үздік құсбегілер қатысады.
Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне «Құсбегілік» Федерациясы» РҚБ-нің Бас серіктесі – ҚР Туризм және спорт министрлігі, Ақмола облысының әкімдігі және «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ атсалысуда




