ТАРИХТАҒЫ ЕҢ ЖАС БҮРКІТШІГЕ ЕКІ БӨЛМЕЛІ ПӘТЕРДІҢ КІЛТІН СЫЙЛАДЫ.
12 октября, 2024АҚМОЛА ОБЛЫСЫНДА ХЫЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАНСОНАР» ТУРНИРІ БАСТАУЫН АЛДЫ
18 октября, 2024
Бабадан қалған дәстүр, қазақтың төл өнері, бүгінде ұлттық спорт ретінде қайта түлеген құсбегілік сайысы тағы бір үлкен жарысқа мұрындық болды. «Шығыс Салбұрыны» халықаралық турнирі биыл екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. ШҚО, Ұлан ауданы, Бозанбай ауылының «Бүркіт төбе» алаңында өткен бәсекеде саятшылар өз баптауындағы құстарын ұшырды. Бүркіт бойынша 67 спортшы, қаршығадан 13 адам қатысса ителгі алып келгендердің саны 23.
2 күнге созылған халықаралық турнирде 5 мемлекеттің үздіктері бақ сынады.
Олар: Ресей, Моңғолия, Қырғызстан, Мажарстан, Қытай.
елдерінің спортшылары, сондай-ақ Республикамыздың 12 өңірінен келген азаматтар қатысты. Жарыс барысында 30 шақты киіз үй тігіліп, 5000-ға жуық көрермен жиналды.
ШҚО әкімі Ермек Беделбайұлы финалдық бәсекені тамашалап, жеңімпаздарды марапаттады.
Айталық «Шығыс салбұрыны-2024» халықаралық турнирінің жеңімпаздары:
Бүркіт құсы бойынша:
- Ерғазыұлы Сәлімхан (Жетісу облысы)
- Күнтуган Серікбек (Астана қаласы)
- Кенжетаев Ерлан (Ақмола облысы)
- Бердымурат Олжас (Алматы облысы)
Қаршыға құсы бойынша:
- Серікбекұлы Ерасыл (Астана қаласы)
- Бәйетбай Ермухан (Алматы облысы)
- Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)
- Жанбырбек Бердияр (Жамбыл облысы)
Ителгі құсы бойынша:
- Оспанкулов Танат (Қарағанды облысы)
- Оспанкулов Танат (Қарағанды облысы)3. Төлегенұлы Темірлі
- Иманзайып Ермек (Павлодар облысы)
Жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз!
Тағы бір жағымды жаңалық, қазақтың құсбегілік өнерін әлемге танытып жүрген Айшолпан Нұрғайыпқа шығыстың жомарт жандары Өскеменнен баспана тарту етті. Пәтер кілтін өңір басшысы Ермек Беделбайұлы табыстады.
Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне қолдау көрсеткен «Құсбегілік» Федерациясы» РҚБ-нің Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ, ҚР Туризм және спорт министрлігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ.