
Ұлан-Батырда «Бүркіт тойы – 2025» фестивалі өз мәресіне жетті
11 марта, 20252025 жылдың 13-16 наурызы аралығында Талдықорған қаласында өтетін «Жетісу Салбурыны – 2025» құсбегілік турнирі ұлттық спорт жанашырлары үшін айтулы оқиға болмақ. Бұл дәстүрлі сайыс Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған үздік құсбегілердің басын қосып, қыран құстардың шеберлігін сынға салатын беделді жарыстардың бірі саналады.
Биылғы додаға Астана, Алматы қалаларынан, сондай-ақ Алматы, Абай, Атырау, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарынан келген құсбегілер қатысады. Турнирге 51 бүркіт, 7 ителгі және 15 қаршыға тіркеліп, сайысқа сақадай сай дайындық жүргізілді.
Бүгін, 13 наурызда, жарыстың алғашқы кезеңі ретінде мандаттық комиссия отырысы өткізіліп, қатысушылардың құжаттары мен сайысқа қосатын қырандары тіркеуден өтті. Ал алғашқы жарыс күні – ертең.
«Жетісу Салбурыны – 2025» – тек жарыс қана емес, ұлттық спорттың мерекесі, ата-бабадан мирас болған құсбегілік өнерінің дамуына серпін беретін ерекше шара.
Айта кетейік, бұл турнирдің өтуіне Республикалық Құсбегілік Федерациясының Бас серіктесі – «Самұрық Қазына» ҰӘҚ» АҚ, сондай-ақ, ҚР Туризм және спорт министрлігі, Жетісу облысының әкімдігі, «Туризм индустриясы мен спортты қолдау қоры» КҚ және ҚР Ұлттық спорт қауымдастығы атсалысуда.